Сүйінші! Шымкент зообағында қонжықтар туылды
Шымкент зообағында жыл санап аңдардың саны артуда. Жануарлар бағында жалпы 11 аю бар, оның екеуі Тянь-Шянь аюы (қызыл кітапқа еңген). Қалған тоғызы қоңыр аю. Төлдеген дәл осы қоңыр аюлар, деп хабарлайды oninfo.kz.
Алдымен «Зина» атты аю ағымдағы жылдың қаңтар айының басында екі қонжық туса, екі аптадан соң «Люся» тағы екі қонжықты өмірге әкелген. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, олардың алғашында қанша қонжық туғаны белгісіз болған, сондай-ақ осы күнге дейін жынысын анықтау қиын болып тұр. Себебі аю өте қызғаншақ және қонжықтарын ешкімге көрсетпейді.
Зообақ басшылығы қала тұрғындары мен оқырманға қонжықтарға лақап ат қоямын деушілер болса, Facebook әлеуметтік желісіндегі ШЫМКЕНТ ЗООПАРК парақшасына ұсыныстарды айтуға болатынын жеткізді.