Ақмола облысында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты

radikal.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2018 15:53 radikal.ru
Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Щучинск қаласының жанындағы Шортан көлінде болған.

Ақмола облысының Бурабай ауданында балық аулап жүрген 3 адам қаза тапты деп жазады Хабар 24 арнасы.

Оқиға 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Щучинск қаласының жанындағы Шортан көлінде болған. Балық аулауға барған бір топ жігіт түнде жылынбақ болып балықшыларға арналған дүңгіршектің ішіне от жаққан көрінеді. Алдын ала болжам бойынша, аталған 3 жігіт түтіннен уланып мерт болған. Ал олармен бірге болған тағы 2 жігіт ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілген.

Гүлнәр Пинчук, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:- Қазіргі уақытта қаза болған азаматтардың мәйіттері сот-медициналық сараптамасына жөнелтілді. Оқиғаның анық-қанығы осы зерттеуден кейін нақты белгілі болады. Олар жайлы нақты ақпаратты да заңға сәйкес айта алмаймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: