Жаңалықтар тізбегі
0

Пышақталған оқушы ісі: Жанжалдың неден шыққаны анықталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2018 20:44 ҚазАқпарат
Оқушылар сарайындағы би кеші 51 мектептің оқушылары үшін ұйымдастырылған.

Астана қалалық білім басқармасы пышақталған оқушы оқиғасының неден туындағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма мәліметінше, Оқушылар сарайындағы би кеші 51 мектептің оқушылары үшін ұйымдастырылған. Ал зардап шеккен 70 мектептің 11 сынып оқушысы би кешінде достарымен бірге шақырусыз келген.

«Би кешіне оны кіргізбеген. Бірақ, шығып бара жатқан кезде оқушылардың бірімен жанжалдасып қалған. Ал ол өзінің 18 жастағы ағасын көмекке шақырған. Оқушылар сарайы аумағынан шыға берісте төбелес болып, сол жерде зардап шегушіге пышақпен жарақат салынған. Қазіргі уақытта Ішкі істер департаментімен алдағы уақытта мектепте мұндай шаралар өткізілген кезде оқушылардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді басқармадан.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы Оқушылар сарайы аумағында би кешінен кейін 11 сынып оқушысы жарақат алды. Күдікті адам анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

№2 қалалық аурухана мәліметінше, оқушы емдеу мекемесінің қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен шұғыл түрде сағат 19:45 кезінде жеткізілді. Баланың көкірек қуысының оң және сол жағына үшкір затпен келтірілген терең емес бірнеше жарақаты болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: