Павлодарлық полицейлер бір келі кептірілген марихуананы тәркіледі
www.pavlodarnews.kz
Осы факті бойынша ҚР ҚПК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Павлодарлық тәртіп сақшылары есірткі құралдарын сату арнасының жолын кесті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
- Жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарын сақтау және сатуда күдіктіні анықтап ұстады. Естай көшесіндегі пәтерде тұратын 42 жастағы азаматты тексеру кезінде өсімдік тәрізді зат бар полиэтилен пакеті табылды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, алынған зат мөлшері 1 келі шамасындағы «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты, - деді баспасөз қызметінде.
Осы факті бойынша ҚР ҚПК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript