Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда автобус жүргізушілері акция арқылы төлем жасауға қарсы шықты

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2018 23:31 Stan.kz
Автобус жүргізушілері үшін жолаушылардың жол ақысын қолма-қол төлеуі тиімді.

Алматыда автобус жүргізушілері азаматтардың мобильдік оператор ұсынған жеңілдігін пайдалануға мүмкіндік бермей жатыр. Бұл туралы жолаушылар мобильді оператор өкілдеріне шағымдануда, деп хабарлайды Stan.kz.

Жеңілдікті ұйымдастырушы – Beeline Қазақстан компаниясы.

Компания өкілі Алексей Бендзьдің айтуынша, 5 күн ішінде жүздеген автобуста құқық бұзушылық болған.

«Жолаушы 2505 нөміріне көліктің кодын жазып хабарлама жібереді. Балансынан 80 теңге алып кетеді, сосын Beeline атынан кэшбек арқылы 79 теңге қайтарылады. Мұндай жолмен бір күнде 3 рет жол жүруге болады. Бірақ автобус жүргізушілері қарсылық білдірді. Олардың көбі акция туралы жазылған жапсырмаларды жауып тастайды, бірі кодтарды жасырады. Сондықтан адамдар акция туралы білмей жол ақысын «Оңай» картасы арқылы немесе қолма-қол төлеп жүр», – дейді.

Айта кетейік, қоғамдық көлікте жүру ақысы қолма-қол болса 150 теңге, карта арқылы төленсе 80 теңге болады.

Бендзьдің айтуынша, автобус жүргізушілері үшін жолаушылардың жол ақысын қолма-қол төлеуі тиімді.

Егер акцияны пайдалана алмай жатсаңыз, WhatsApp +7 (775) 005 25 05-ке шағымданып хабарлама жазыңыз.

«Мен осы мәселеге қатысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке жүгінемін. Ол автобус жүргізушілерінен түсініктеме алсын. Қазіргі уақытта акция автобустың 80 пайызында іске асып үлгерді. Мерекеден кейін 100 пайыз болады деп үміттенемін», - дейді Беньдз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: