Жаңалықтар тізбегі
0

Сапарбаев оқу орындарындағы жатақхана тапшылығын жоюға тапсырма берді

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 20:35 Аktobenews.kz
Ақтөбе облысында 49 мыңға жуық студент бар.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары бойынша бірқатар тапсырма берді. Орта арнаулы, жоғары оқу орындары жатақхана тапшылығын жою үшін жұмыс істеуі керек, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облысында 49 мыңға жуық студент бар. Олардың басым бөлігі пәтер жалдайды, туған-туыстарының үйін паналайды. Алдағы уақытта Елбасы тапсырмасын орындау үшін ірі құрылыс жұмыстары жүруі мүмкін. Әсіресе, колледждердің 40 пайызында мүлдем жатақхана жоқ. Сонымен қатар, кадр дайындау ісінде өндірістің сұранысын ескеру маңызды.

«Студенттер пәтер жалдайды, ағайынның үйін жағалайды. Пәтер жалдауға ақша кетеді, ағайынның үйіндегі жағдайы да белгілі. Сондықтан орынбасарларыма нақты қанша студенттің пәтер жалдап жүргені, олардың сұранысы туралы білуді тапсырамын. Қазіргі кезде арнаулы орта оқу орындарындағы студенттердің 18 пайызы жатақханамен қамтамасыз етілген. Колледждердің 40 пайызында мүлдем жатақхана жоқ. Ал, ЖОО студенттерінің 38-40 пайызы жатақханаға орналастырылған», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін орта арнаулы, жоғары оқу орындары халықаралық талапқа сай маман дайындауы тиіс екенін еске салды. Әсіресе, нанотехнология, робототехника, цифрлы технологияны меңгеру жастардың міндеті деп баса айтты.

Елбасының әлеуметтік бастамалар жан-жақты талқыланған кезде шағын және орна бизнесті дамыту жолы айтылды.

«Шағын несие беруді көбейту керек. Елбасы «Қазақстандағы экономикалық белсенді тұрғындардың кем дегенде 50 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеуі керек» деп тапсырған еді. Бізде 31 пайыз. Өткен жылы 2,5 миллиард теңге шағын кәсіпкерлікке берілді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірге «Бастау» жобасы іске асырылды. Мамандығы жоқ 1500 адам оқытылып, оның 30 пайызы жұмысқа орналасты. Бұл бағытқа еліміз бойынша 20 миллиард теңге бөлініп отыр. Біз де өз үлесімізді алуымыз керек. Ауылда өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бар. Ертең олар жұмыссыз болады. Өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар 56 мыңға жуықтаған. Алдымен сол адамдарды жұмысқа орналастыру тапсыралады», — деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: