ҰҚК: Күмәнді діни оқу орындарынан 380 студент елге қайтарылды
Baq.kz
Қазіргі таңда 150-ден астам студент шетелде білім алуда.
Үкімет отырысынан кейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Антитеррорлық орталығы басшысы Жанат Сайполдаев шетелдегі күмәнді діни білім алып жүрген қанша студенттің елге қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Осы уақытқа дейін күмәнді діни оқу орындарында білім алған 380 қазақстандық елге қайтарылды. Біздегі мәліметке сәйкес, қазіргі таңда 150-ден астам студент шетелде білім алуда. Олар – жастар. Бұл азаматтарды Қазақстанға қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп түйіндеді сөзін Антитеррорлық орталықтың басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript