Биыл Амал мерекесі алғаш рет республика деңгейінде тойланады

lada.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2018 21:38 lada.kz
Амал – ескіше жыл санау бойынша жаңа жылдың кірер күні.

Еліміздің батысында тойланып келген Амал мерекесі биыл алғаш рет республика деңгейінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Наурыздың 13-14 күндері Маңғыстаудағы ең биік жер – Отпантаудың басында Рухани жаңғыруға бағытталған ауқымды шаралар ұйымдастырылады. Оған маңғыстаулықтар ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар шақырылады. 53 киіз үй тігіліп, «Батырлар», «Күйшілер», «Жыршылар» мен «Шеберлер» сынды ондаған ауыл бой көтереді. «Отпантау» тарихи-мәдени кешенінде ғалымдардың бас қосуымен «Амалдың» мән-мағынасына арналған ғылыми конференция өтеді. Аударыспақ, көкпар, аламан бәйге ұйымдастырылып, республикалық жыр мектептерінің өкілдері өлеңмен шашу шашады.

Амал – ескіше жыл санау бойынша жаңа жылдың кірер күні. Бұл күні халық ертемен тұрып, бір-бірімен қауышып, көріседі. Жасы кішілер үлкендердің батасын алады. Бірін бірі құттықтап, кешіріп арқа-жарқа болатын нағыз халықтық мереке.

– 2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы Наурыз тұжырымдамасын жасақтаған болатын. Наурыз тұжырымдамасының ішінде Амал мерекесінің мәні де ашып көрсетілді. Амал мерекесі бұл елдің аман-сау бір-бірімен қауышқандығын, кешірімділігін, сонымен бірге ел бірлігі, ең басты тақырыбы – елдің бірлігін көрсетеді. Бұл елдің басын біріктіретін, Елбасымыздың мәңгілік идеясын насихаттайтын үлкен шара ретінде өтеді, - деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пания Сармурзина.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: