Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте жоғалған 2 жасар бүлдіршінді құтқарушылар судан іздеп жатыр

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 16:10 ҚазАқпарат
Із-түзсіз жоғалған Әлинұрды кешеден бері құтқарушылар судан іздеп жатыр.

Шымкентте кеше 2 жасар бүлдіршін жоғалып кетті. Әлинұрдан ата-анасы қаладағы тойханалардың бірінің алдында көз жазып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлинұрды тойханадан шыққан бойда таба алмай қалдық. Бәріміз жабылып іздедік. Тойхананың жанынан Қарасу өзені ағады. Сонда түсіп кетті ме деп құтқарушыларды шақырдық. Полицияға хабарластық. Іздемеген жеріміз жоқ. Мүмкін оны біреу көлікпен қағып кетіп, қорыққаннан алып кетті ме деп те ойлап отырмыз», - дейді бүлдіршіннің анасы Әгерім Ерманова.

Із-түзсіз жоғалған Әлинұрды кешеден бері құтқарушылар судан іздеп жатыр. Өйткені бала суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам бар. Қазір 20 құтқарушы Қарасу өзенінің басынан екі шақырымдай жерді қарап шыққан.

«Баланы іздеуге 20 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған. Бізге ата-анасы кеше сағат 16.00-дер шамасында хабарласты. Сол уақыттан түнгі он бірге дейін іздедік, табылмады. Бүгін таңғы сағат 7.45-тен іздеу жұмыстарын қайта бастадық. Өзеннің біраз жерін қарап шықтық», - дейді облыстық ТЖД судан құтқару жасағының бастығы Орынбасар Төртбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 16:10

, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 16:10

Қалай болғанда да бүлдіршін әлі табылар емес. Ата-анасы енді көпшіліктен көмек сұрап, әлеуметтік желілерге жар салып жатыр. Айтуларынша кішкентай Әлинұрдың сол жақ бетінде тыртығы бар. Егер балақайды көргендер болса анасының 87710778000 нөміріне хабарласуларын сұрайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: