Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 16:40 Хабар 24
Қытайда ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі.

Қытай астанасы қайта түтінге тұмшаланып, одан төнген қауіп қызғылт-сары түске дейін көтерілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Осыған байланысты қалада отшашулар атып, далада ет және басқа да тағамдарды қуыруға тыйым салынды. Сонымен қатар құрылыс қоқыстарын уақытша шығаруға шектеу қойылды. Қоршаған ортаны қорғау бюросының мәлімдеуінше, бұл шаралар кем дегенде наурыздың 14-іне дейін жалғасады. Содан кейін шаһарда күн суытып, қаланы тұмшалаған түтін сейілуі тиіс.

Айта кетейік, Қытайда ауаның ластануы – өзекті мәселелердің бірі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: