Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде су етік саудасы қызып тұр

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2018 18:20 altaynews.kz
Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суын кешіп жүру үшін бүгінде өскемендіктердің бәріне бір –бір су етік сатып алуға тура келуде.

Өскеменде екі-үш күннен бері ең өтімді тауар су етік болып тұр. Қаланың орталық базарында, «Заречный» базарында да бұл күндері су етіктің саудасы қызып жатыр. Кеше күннің көзі біршама суытқанымен су етік сатып алушылардың қарасы азаймады. Мереке күндерінің дүрбелеңі жұрттың жүрегіне тиіп қалса керек, деп жазады altaynews.kz.

Өскеменнің іші-сыртын тасқын су басып, көшелер көлге, көк тайғаққа айналғаннан бері қарттар мен балалар жағы сыртқа шығудан қалды. Сенбі, жексенбі күндері көшеге шықпақ түгілі, тұрғындардың аулаларындағы қоқыс төгетін контейнерге жетуі мұң болды.

Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суын кешіп жүру үшін бүгінде өскемендіктердің бәріне бір –бір су етік сатып алуға тура келуде. Шаһардың шалшық, балшық басқан көлкілдеген суға толы көшелерінен резенке етіксіз жүру мүмкін емес.

Сатушылар Қытай мен Ресейдікі деп айтқан резенке су етіктердің ең арзаны 2,5 мың теңге болса, қымбаты 10 мыңға дейін барады.

-Сенбі, жексенбі күні су етіктер қас-қағымда сатылып кетті. Жексенбі күні жаңылмасам 100 жұп су етік сатқан шығармыз. Бағасын көтеріп жатқан жоқпыз,-дейді аты-жөнін айтуды қаламаған «Заречный» базарында су етік сатып жатқан сатушы.

Қала тұрғындары болса егер қала көшелеріндегі суағарлар дұрыс жұмыс істеп тұрса, көшелер маңы жүйелі тазартылып отырылған болса шағын қаланың халқы мұншама әбігерге түспес еді, қыс бойы қалың қар да жауған жоқ қой дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: