Жаңалықтар тізбегі
0

Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлыққа қатысы бар болып шықты

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2018 20:37 Тoday.kz
Шымкенттік әнші Заттыбек Көпбосынұлы Өскемендегі концертіне билеттерді күштеп сатқызған.

Шымкенттік әнші Заттыбек Көпбосынұлының жемқорлық іске қатысы бар болып шықты, деп xабарлайды Today.kz.

Шығыс Қазақстан облысы аймақтық жеке сот орындаушысы Дәурен Сәрсембаев 7 наурыз күні Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа арыз жазады. Арызда лауазымды тұлға облыстық Әділет басқармасының бастығы Ерлан Дауылбаев пен орынбасары Ғалым Табановтың әрекеті заңға сай келіп-келмейтінін анықтап беруін сұраған.

Time.kz сайты мақалада арызданушы Дәурен Серсембаев осыған дейін облыстық Әділет басқармасының басшыларының "қысқа соғым әкел, басшылардың жол ақысын көтер" деген тапсырмаларын орындап келгенін жазады.

"Сәрсембаев басшылармен телефон арқылы сөйлескен қоңырауларын, әлеуметтік желі арқылы берген тапсырмаларын сақтап келген. Қоңырауларды тыңдау арқылы, басшылардың бұйрық беріп тұрғанын аңғаруға болады" , – деп жазды басылым.

"Ғалым Табановпен телефон арқылы сөйлескенде ол маған бастықтың өтініші бар екенін айтты. Бастық 13 ақпан күні Өскеменде өтетін Заттыбек Көпбосынұлының концертіне 50 билет сатып алуым керек екенін айтқан. Заттыбек облыстық Әділет басқармасының бастығы Ерлан Дауылбаевтың жерлесі. Әр билет екі мың теңге тұрады" , – деп жазған Дәурен Сәрсембаев өзінің арызында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: