Жаңалықтар тізбегі
0

Омбудсмен оңтүстіктегі 7 жасар балаға қатысты жағдайды бақылауға алды

qha.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2018 17:53 qha.com.ua
Қазақстанның Омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Оңтүстік Қазақстан облысында жеті жасар баланың зорлануына байланысты жағдайды бақылауға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Омбудсменнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2017 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы Ж. Баласағұн атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сыныбы оқушыларының бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттеріне байланысты БАҚ-та орын алған хабарламалар кең қоғамдық резонанс тудырды. Қазақстанның Омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді. Бұл оқиғаның түрліше түсіндірілуінің және кәмелетке толмаған баланың құқықтарын қалпына келтірілуіне уақытылы әрекет ету шараларын қабылдамаудың негізі болып табылады» - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, омбудсмен зардап шеккен баланың физикалық және психоэмоционалдық жағдайы бұзылғандықтан қажетті көмек көрсету мәселесі маңызды екенін атап өтеді.

«Бұл жағдай ҚР Омбудсменінің бақылауына алынды. Тиісті ресми сұраулар ҚР Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне және Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жан-жақты әрекет ету шаралары үшін жіберілді» делінген баспасөз баянында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: