Шұңқырда қатып қалған павлодарлықтың ісі бойынша тергеуші жазалануы мүмкін
Суықта қатып қалған павлодарлықтың ісін тергеу жұмыстарының талапқа сай жүргізілмегені үшін ІІД мен прокуратура қызметкері айыпталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Осы мәселеге байланысты жарияланған мәліметтерде 2017 жылдың 16 желтоқсаны күні ер азаматтың денесінің табылуына байланысты істі қалалық ішкі істер басқармасы ҚР ҚК-нің 279 бабы, 1 тармағы бойынша (сәулет, қала құрылысы және құрылыс салалары бойынша нормативтер мен талаптарды және ережені бұзу) тергегендігі айтылады.
«Ішкі істер органының өкілдері қылмыстық құқықбұзушылықты жасаған адамның жеке тұлғасының анықталмауына байланысты 2018 жылдың 30 қаңтарында қажетті тергеу әрекеттерінсіз сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының мерзімін бұзу туралы шешім қабылдаған. Аталған қаулының күшін прокуратура 7 наурыз күні жойып, ол бойынша тиісті міндет жүктеліп, процессуалды прокурор тағайындалды. Жіберілген кемішіліктер мен заңсыз процессуалдық шешім үшін тергеушіге қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған қоса осы істі анықтаумен айналысқан прокуратура қызметкері жазаланды. «Тергеу жұмыстарын облыс пркуратурасы қолға алды»,-деп хабарлады ведомство өкілдері. Айта кетейік, оқиға Палодар қаласының Камзин көшесінде №106 үй алдында болды.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, ер азаматтың мәйіті 2,5 тереңдіктегі шұңқырда жатқан. Сот-медициналық сараптама қорытындыларына сәйкес, азамат суықтан қатып қалған. 38 жастағы Евгений Ильиннің денесі 16 желтоқсанда сағат 12-50-де табылған. Оның қаңғыбас емес екені белгілі болды.