Елімізде Сегіз серінің музыкалық шығармаларын зерттейтін маман жоқ
www.24.kz
Бүгінгі күні Сегіз серінің көптеген әндерінің тек 16-сы ғана әйгілі сазгердің туындысы екендігі дәлелденген.
Елімізде Сегіз серінің музыкалық шығармаларын зерттейтін маман жоқ. Петропавлда әнші, сазгер, ақын Сегіз сері атанған Мұхамедқанапия Шақшақовтың 200 жылдығына арналған республикалық ғылыми конференцияда Қазақстан композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек осылай деді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері қатысып, тұлғаның сан қырлы шығармашылық мұрасы мен өмір жолы туралы зерттеулерін ортаға салды. Айта кету қажет, бүгінгі күні Сегіз серінің көптеген әндерінің тек 16-сы ғана әйгілі сазгердің туындысы екендігі дәлелденген.
Балнұр Қыдырбек, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы: - Бізде музыка, өнертану ғылымы деген кенжелеп қалды деуге де келмейді. Бізде өнертану ғылымы жоқ қазір. Әдебиеттану болған соң, әдебиет тарапынан Сегіз серінің шығармалары қаралып жатыр, зерттеліп жатыр. Ал музыкаға байланысты айтарым, бізде Сегіз серінің шығармашылығын зерттеп жатқан адам жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript