Мүгедек балалардың онлайн режимде бiлiм алуына жағдай жасалады – Сағадиев
alau.kz
Балаларды қашықтықтан оқытудың бiрнеше технологиясы бар.
Цифрландыру тақырыбына арналған Үкiмет сағатында мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту мәселесi көтерiлдi, деп хабарлайды Baq.kz.
«Бүгiнгi таңда мүгедек балалар қашықтықтан оқыту технологиясымен бiлiм алып жатыр. Ресейде бұл мәселе шешiлген. Қашықтықтан бiлiм беру бар. Ал, бiзде бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың тапшылығы жасырын емес. Аз жасақталған мектептердiң толық қамтамасыз етiлмеу мәселесi бар. Өйткенi, бүкiл мектеп санының жартысы бiзде аз жасақталған мектептерден тұрады. Осының барлығы қашықтықтан оқыту технологиясын енгiзу қажеттiгiн туындатып отыр...» - деп Мәжiлiс депутаты Бекболат Тiлеухан мүгедектердi оқыту мәселесiн көтердi.
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтiң айтуынша, балаларды қашықтықтан оқытудың бiрнеше технологиясы бар.
«Балаларды қашықтықтан оқыту мәселесiн Ұлттық бiлiм порталы арқылы шешу мүмкiндiгi бар. Ең алдымен портал жасау керек. Ұлттық бiлiм порталына тек қазақстандық емес, әлемдiк ең үздiк оқулықтар, видеодәрiстер мен сабақтар енгiзiледi. Осылайша, барлық балалар мен мұғалiмдерге жол ашып, портал жасаймыз деп отырмыз. Соның негiзiнде қашықтықтан оқыту бағдарламасын жасауға болады. Бұл жұмысты бастап кеттiк», - дедi Сағадиев.
Министрдiң айтуынша, Ұлттық бiлiм порталындағы мәлiмет сыныптарға қарай бөлiнедi.
«Барлық сабақтарды видеолекцияға жазып, оқулықтарды онлайн режимде шығарып, сосын тапсырмаларды жүйеге келтiрiп, пән мен сыныптар бойынша бөлiп, жұмыстарды бастап кеттiк», - дедi Ерлан Сағадиев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript