Жаңалықтар тізбегі
0

Ережеп айында қандай амалдар істеген дұрыс?

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2018 21:24 stan.kz
Қасиетті төрт айдың бірі осы ережеп айы болса, ондағы жасалған игі істердің сауабы өзге айлардағыдан көбірек екен.

Қасиетті айлардың бірі ражаб (ережеп) айы да келіп жетті. Қасиетті деуімнің себебі Пайғамбарымыз (с.а.у.) ражаб айы кірісімен: «Аллаһым, бізге ражаб пен шағбанда береке бер және рамазан айына жеткере гөр» деп тілейтін. (Ибн Хаббан. Әлсіз). Бұл туралы islam.kz жазады.

Бұл айдың «ражаб» деп аталуы да бекер емес. Өйткені, «ражаб» сөзінің бір мағынасы «ұлықталған» дегенді білдіреді.

Енді, оның қасиеттілігіне келер болсақ, Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінде былай делінеді:

«Шын мәнісінде, Алланың құзырында айлардың саны – он екі. Жер мен көк жаратылған күннен бастап, Алла солай белгілеп қойды. Оның төртеуі – соғысуға тыйым салынған айлар. Осы айлар ішінде өздеріңе зұлымдық етпеңдер»[1].

(Аяттағы төрт айдың бірі осы ережеп айы екендігі сахих хадисте айтылған: зүлқағда, зүлхиджә, мұхаррам, ережеп)[1].

Ендігі жерде, аталмыш аяттағы «Осы айлар ішінде өздеріңе зұлымдық етпеңдер» деген жеріне сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай деп түсініктеме береді:

«Айлардың бәрінде зұлымдық етуге болмайды. Соның арасында төрт айды ерекше атап өтіп отыр. Және оларды «харам» айлары, яғни, «тыйым салынған» айлар етті. Осы айлардағы жасалған күнәлар (басқа айларға қарағанда) үлкенірек. Ал, жасалған игі істер мен сауаптардың дәрежесі (өзге айлардан қарағанда) ұлығырақ».

(Табари тәпсірі).

Ендеше, аяттағы қасиетті төрт айдың бірі осы ережеп айы болса, ондағы жасалған игі істердің сауабы өзге айлардағыдан көбірек екен. Осыған орай, бұл айда барынша ғайбат, өсек-аян, намазды қаза ету т.б. үлкенді-кішілі күнәлардан бойды аулақ ұстап, ораза ұстау, садақа беру, Құран оқу сияқты сауапты істерге көбірек зейін қойған дұрыс.

Ораза ұстау

Ражаб айында орындалатын құлшылық түрі ретінде оразаны ерекше атап өтуге болады. Осы айда ұсталған оразаның сауабы жайында айтылған көптеген риуаяттар кітаптарда келтірілген. Бірақ, олардың біразы жалған хадистер категориясына жатса, біразы «әлсіз хадистер» қатарынан орын алады. Дегенмен де, әлсіз хадистерді сауапты, мұстахаб амалдарда пайдаға асыруға болатындығын тілге тиек еткен беделді хадисшілер бар.

Ражаб айында ораза ұстау мәселесіне келер болсақ, Әбу Дәуідтің Хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта, жыл бойы ораза ұстаған адам жайында айтылады. Бір күні ол Пайғамабарымызға келгенде, Алла елшісі оған: «Өзіңді неге қинайсың?! Сабыр айын ұста (Рамазан айын). Сосын әр айда бір күн ұста» деді. Бірақ әлгі кісі бұны қанағат тұтпағаннан соң Пайғамбарымыз: «Ай сайын екі күн ұста» дейді. Тағы арттыруын сұрайды әлгі адам. «Үш күн ұста» дейді Паймабарымыз. Жаңағы адам тағы да күндерді қосып беруін сұрайды. Сонда Алла елшісі үш саусағын жұмып: «Харам айларының кей күндерінде ауыз бекіт, кей күндерінде аш. Харам айларынан кей күндерін ұстап, кей күндерін аш»[2] - дей келе, осы харам айларында арасында үзіліс бере отырып үш күн қатарынан бірнеше рет ұстауын кеңес еткен.

Осыған орай, ражаб айының басында үш күн, ортасында үш күн және соңында үш күн ораза ұстаса болады десек қателеспеспіз. Дәлірек айтсақ, әр аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Бұлай деуімнің себебі, сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етілген бір «әлсіз хадисте» былай делінген:

«Кімде-кім харам айларындағы бейсенбі, жұма және сенбі күндері ораза ұстайтын болса, оған жеті жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады»[3]. (әлсіз хадис).

Осыған орай, ражаб айының басында үш күн, ортасында үш күн және соңында үш күн ораза ұстаса болады десек қателеспеспіз. Дәлірек айтсақ, әр аптаның бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Бұлай деуімнің себебі, сахаба Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) риуаят етілген бір «әлсіз хадисте» былай делінген:

«Кімде-кім харам айларындағы бейсенбі, жұма және сенбі күндері ораза ұстайтын болса, оған жеті жүз жылдық ғибадаттың сауабы жазылады»[3]. (әлсіз хадис).

Өзге де құлшылықтар

Күндіз ораза ұстаумен қатар, түнінде көбірек тахажжүд намазына тұрған жақсы. Және Құран оқып, қаза намаздарды өтеп, таспихат, зікірлерді айтып, көптеп жарылқау тілеген дұрыс. Өйткені, харам айларында, соның ішінде ражаб айында орындалған иігіліктерге, өзге айдағыдан гөрі көбірек сауап жазылатындығы жоғарыдағы ардақты сахаба Абдулла ибн Аббастың (р.а.) сөзінен ұғыну қиын емес.

Алла тағала осы айда жасаған құлшылықтарымызды қабыл етіп, о дүние, бұ дүниеде жүзімізді жарық еткей!

Уә ахиру даъуәнә әниль хамду лиллаһи раббиль аләмин.

Ескерту: Ражаб айында ораза ұстайтын кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Дәлірек айтқанда: таң намазы кірген уақыт - ауыз бекіту уақыты болмақ. Сол уақытқа дейін сәресі ішіліп болуы керек. Ал, ақшам намазының кірген уақыты - ауыз ашар уақытының кіргенін білдіреді. Ауыз бекітерде оқылатын арнайы дұғасы жоқ. Маңыздысы - ниет. Күні бойы еш нәр татпастан Алла ризалығы үшін ораза ұстауға іштей діттеп, ниет білдірсеңіз болғаны. Ауыз ашарда қазақшалап тілек тілеп, қалаған нәрсеңізді Жаратушыдан сұрасаңыз болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: