ОҚО-да суға ағып кеткен баланың денесі 1,5 айдан кейін табылды
kz.otyrar.kz
Ата — анасының өтінішімен құтқарушылар 7 рет іздеу жұмысын жүргізген.
Биылғы жылдың 31 — ші қаңтарында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында Арыс өзеніне абайсызда құлап кеткен 7 жасар жеткіншектің мәйіті табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
2011 жылы туған балақайдың денесін іздеуге ОҚО ТЖД «ОСО» МБ ның 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы, ОҚО ТЖД «СП және АСР» МБ ның 4 қызметкері мен 4 техникасы, жергілікті ІІБ-ның 1 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған еді.
Бір жарым айға созылған іздеу жұмыстарына суға кеткен жеті жасар жеткіншектің алты туысы да атсалысқан. Ата — анасының өтінішімен құтқарушылар 7 рет іздеу жұмысын жүргізген. Баланың денесі 15 науырзда табылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript