Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жәрдемақыларды тағайындау процедурасы жеңілдетілмек

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 18:47 Хабар 24
Жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдері бойынша құжаттарды қабылдау «бір өтініш» қағидасымен жүзеге асырылады.

Елімізде мүгедектікті және еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейін белгілеу процедурасы жеңілдетілмек, деп хабарлайды Хабар 24.

Жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдері бойынша құжаттарды қабылдау «бір өтініш» қағидасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды мемлекеттік кірістер органына тіркеу мен еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне ендіру ісі де біршама жеңілдейді. Сонымен қатар мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін тұрғындар жан-жаққа сабылмай тек бір ұйымға жүгінеді. Келешекте бұл өтініштер электронды түрде Еgov арқылы қабылданатын болады.

– Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құрылымдаудың жаңа жобасы әзірленіп жатыр. Қанатқақты жобаны жүзеге асыратын өңірлер анықталды. Жаңа концепция мүгедектік пен еңбекке жарамдылық деңгейін анықтау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Әлеуметтік қорғаудағы тұлғаның қажеттілігін нақты анықтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға да септігін тигізеді, - дейді Көші-қон комитетінің облыстық департамент басшысының орынбасары Жанар Нұрбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: