ШҚО-да су басып қалған жол жабылды
ҚазАқпарат
Оған өңірдегі су тасқыны жағдайы себепші болған.
Шығыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан Шемонаиха-Секисовка бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратына сүйенсек, бүгін сағат 14.00-ден бастап «Шемонаиха-Секисовка» жолының 0-20 шақырымы аралығы жол қызметінен басқа көліктердің барлығы үшін жабық. Оған өңірдегі су тасқыны жағдайы себепші болған.
«Аталмыш бөлікте су жолдың бетіне шығып кеткен. Жайылған суды ауыздықтау үшін барлық қызметтер күш салуда. Қарғын судың бетін қайтарғанша көлік қозғалысына рұқсат жоқ» - дейді басқарма маманы Нұрбек Тұраров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript