Жаңалықтар тізбегі
0

Кемероводағы қайғылы оқиға: сауда орталығының иесі ұсталды

qamshy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 17:48 qamshy.kz
Сауда орталығының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі ақауларға қанша рет шағымданса да, басшылық құлағына ілмеген.

Кемеровода жойқын өрт болған "Зимняя вишня" сауда орталығының иесі әрі компанияның бас директоры Юлия Богданова ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кемеровский кондитерский комбинат" ААҚ бас директоры Юлия Богданова ұсталды. 25 наурызда жойқын өрт шығып, адамдар қаза тапқан сауда орталығының ғимараты осы кәсіпорынға тиесілі болған", — делінген хабарламада.

Тергеу анықтағандай, ұсталған азаматша өрт қауіпсіздігіне жауапты екен. Қол астындағы қызметкерлер өрт қауіпсіздігі жүйесіндегі ақауларға қанша рет шағым айтқанымен, оған қатысты ешқандай шара қолданылмаған.

Тергеушілер Богданованың үйін тінтіп шықты, жуырда оған өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамауы салдарынан екі немесе одан да көп тұлғаның қаза табуы бабы бойынша айып тағылады.

"Зимняя вишня" сауда орталығында 25 наурыз күні жойқын өрт шығып, салдарынан 64 адам қаза тапты, олардың 41-і балалар болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: