Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 6 сауда-ойын-сауық орталығының өрт қауіпсіздігі тексерілді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 16:59 Хабар 24
Жиын барысында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылды.

Сауда орталықтарындағы қосымша қауіпсіздік шаралары мен адамдар көп жиналатын орындар туралы бүгін астана әкімдігінде талқыланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жиын барысында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарындағы өртке қарсы қауіпсіздік қалалық әкімдігінің үнемі бақылауында екендігі айтылды.

Астанадағы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметінше, есепте тәуекел деңгейі жоғары нысанға жататын 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9 - сауда ойын-сауық орталығы, 25-і - базар.

2017 жылы ерекше тәртіппен 46 тексеру жүргізілген. Тексеру барысында көшіру жолдарының жағдайы, жарық беруші электр желілері мен қуат көздерінің жай-күйінің болуы, өртті байқайтын автоматты жүйенің түзету жағдайының болуы, ішкі және сыртқы өртке қарсы су жабдығы мен ең бірінші өрт сөндіру құралдарының сақадай сай тұруына баса мән берілді.

9 ОСО-ның 6-ауы тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. 2 ОСО-да аудит жүргізілді, ал 1 нысанға (Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады.

Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда объектілеріне қатысты тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: