Жаңалықтар тізбегі
0

Моңғолияда 66,2 млн мал басына жайылым жетпей жатыр

abai.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 21:11 abai.kz
Қазіргі таңда Моңғолияда 66,2 миллион мал басы бар.

3,2 миллион халқы бар Моңғолияда 66,2 миллион мал басы бар. Төрт түліктің жылдан-жылға көбеюінен елде жайылым жерлер жетіспеуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Моңғолияның басты бір ерекшелігі – 3,2 миллион халыққа 66,2 миллион мал басы бар. Яғни осынша үлкен аумақта мал басы жылдан-жылға көбеюде. Биылғы көктемде 70 миллионнан асып кететіні белгілі болып отыр. Сондықтан Моңғолияның негізгі проблемасы – ет өнімдерін шет елге экспортқа шығару. Бірақ мал тұқымын асылдандыру, санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкестігі бойынша бұл мемлекет үлкен жұмыстар атқаруы тиіс", — деді Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі Қалыбек Қобландин СІМ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, төрт түліктің дені – қой мен ешкі.

"Соңғы жылдары Моңғолияда жайылым жетіспеу мәселесі туындап отыр. Аумағының үлкендігіне қарамастан, тау-кен өңірлері бар, тиісінше жайылым тапшы. Қазір олар мәселені шешу жолдарын қарастырып жатыр", — деді елші.

Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, Моңғолияда 017 жылы мал басына жүргізілген санақ бойынша:

3,9 млн жылқы (5,6%)
4,4 млн сиыр, қодас (6,6%)
434,1 мың түйе (0,7%)
30,1 млн қой (45,5%)
27,3 млн ешкі (41,3%) бар.

Халық саны 2018 жылдың наурызындағы мәлімет бойынша 3,2 миллион. Ел астанасы Ұлан-Батыр қаласында 1,5 миллион азамат тұрады. Этникалық құрамы: моңғолдар – 90%, қазақтар – 4% астам, басқа этникалық топтар – 6%.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: