Жаңалықтар тізбегі
0

Банктер қазақстандық студенттерді несиелендіруге дайын

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 21:28 Baq.kz
ЖОО-да ақылы негізде оқитын студенттер білім беру несиелерін кепілдендірудің Мемлекеттік бағдарламасының артықшылығын пайдалана алады және «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен несие алуға өтініш бере алады.

Ақылы негізде оқитын студенттер саны бір жыл ішінде 5 пайызға, ал грантта оқитындар саны 2 пайызға артқан. Қазақстандық студенттерге жеңілдікті шарттармен несие беру арқылы жоғары білім алуға көмектесуге Сбербанк, Нұрбанк, ForteBank және Tengri Bank сияқты екінші деңгейлі төрт банк келісіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz.

Жоғары оқу орындарының саны екінші жыл қатарынан көбейіп келеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстанда 496,2 мың студент білім алуда. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 пайыз жоғары.

Ақылы негізде білім алатындардың қатары екінші жыл қатарынан көбейіп келеді. 2017-2018 жылдар аралығында ақылы түрде білім алатындардың қатары 71,1 пайызды құрайды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 70,6 пайыз болған. Олардың ішінде өз қаражаты есебінен оқитын студент 98,8 пайыз болса, кәсіпорын қаражатына оқитындар 1,2 пайыз.

Жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттер білім беру несиелерін кепілдендірудің Мемлекеттік бағдарламасының артықшылығын пайдалана алады және «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігімен несие алуға өтініш бере алады.

Ұйымның негізгі қызметі – Сбербанк, Нұрбанк, ForteBank және Тенгри сияқты екінші деңгейлі банктердің студенттерге берілетін несиелерге кепілдік беру. Қарыз несие желісін ашу арқылы рәсімделеді. Банктер негізгі қарызды университетте оқу кезеңінде және оқу бітіргеннен кейін алты ай мерзім ішінде өтеуге мүмкіндік береді.

Сбербанктің қаражат беру сомасы шексіз, ол оқудың толық ақысын төлейді. Tengri Bank алты миллион теңгеге дейін береді, ал Нұрбанк бес миллионға дейін берсе, ForteBank үш миллионға дейін береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: