Екі азаматтығы бар қазақстандық үлкен көлемде айыппұл төлейтін болды
today.kz
Сотта шет ел азаматтығын алып, ол туралы хабарламаған әйелдің ісі қаралды.
Сотта шет ел азаматтығын алғанын құзіретті органдарға хабарламаған әйелдің ісі қаралды, деп хабарлайды Today.kz patrul.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының "Азаматтық" туралы заңына сәйкес, шет ел азаматтығын алған қазақстандық 30 күн ішінде азаматтығын ауыстырғаны туралы тиісті органға хабарлауы керек.
Биыл ақпанда тәртіп сақшылары 3 жыл бұрын Ресей азаматтығын алған әйелді анықтағын.
Алайда азаматша азаматтығын ауыстырғаны туралы хабарламаған.
Әйел бұл заң туралы білмейтінін айтқан. Енді ол 336 700 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript