Бекзат Саттарханов бүгін 38 жасқа толар еді

qsport.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2018 21:25 qsport.kz
Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде киелі Түркістан қаласында дүниеге келген.

Бүгін күллі қазақтың мақтанышына айналған Сидней Олимпиадасының чемпионы, Бекзат Саттархановтың туған күні – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жасындай жарқыраған Бекзат Саттарханов арамызда болғанда 38 жасқа толар еді. Небәрі 20 жасында Олимпиада ойындарында топ жарып, Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан І дәрежелі «Барыс» орденін алған тұңғыш спортшы болды.

Бекзат Сейілханұлы 1980 жылы 4 сәуірде киелі Түркістан қаласында дүниеге келген. Сидней Олимпиадасында тәуелсіз еліміздің туын көкке көтеріп, әнұранын асқақтатқан спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсаны күні, жаңа жылға санаулы минуттар қалғанда Шымкент қаласы жанындағы Темірлан бекеті маңында автокөлік апатынан қаза болды.

Бүгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп сөнген Бекзаттың ерлігі мен жеткен жетістіктерін қазақ жанкүйерлері түгілі күллі әлем біледі деп айтсақ артық айтпағанымыз. Олимпиада ойындарының жеңімпазы бұл фәниден өтсе де, оның есімі, оның рухы өлген жоқ.

Ер есімін ел есінде қалдыру үшін Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы ықшамаудан мен спорт кешені бой көтерді. Алматы қаласындағы көшелерді біріне чемпионның аты берілді. 2002 жылдан бастап бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир өткізіліп жүр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: