Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 1300 ірі қара малдан сарып ауруының белгілері анықталған

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 15:17 Хабар 24
Ветеринарлық талаптарға сәйкес дертке шалдыққан мал 15 күннің ішінде арнайы орындарға жеткізіліп, етке өткізілуі тиіс.

Батыс Қазақстан облысында 150 мыңдай ірі қараға жасалған диагностикалық сараптама нәтижесінде 1 мың 300 бастан сарып ауруының белгілері анықталған, деп хабарлайды Хабар 24.

Ветеринарлық талаптарға сәйкес дертке шалдыққан мал 15 күннің ішінде арнайы орындарға жеткізіліп, етке өткізілуі тиіс. Ондай орындарға тегін жеткізетін арнайы көліктер де бар. Ал ет комбинаттары қазір мұндай мал етінің әр келісін 1000 теңгеден сатып алуда дейді облыстық ветеринария басқармасының мамандары.

Айта кету керек, қазір өңірде сібір жарасы мен нодулярлы дерматит секілді аса қауіпті ауруларға қарсы екпе жасау қолға алынған.

– Сойылғаннан кейін ветеринарлық ережеге сәйкес 12 сағат тоңазытқышта тұрғаннан кейін немесе патологиялық өзгерістер болған жағдайда арнайы термиялық өңдеуден өтеді. Яғни бруцеллез малдың еті егер де пісірілген шұжық немесе консервіге өңделген жағдайда бұл ешқандай зияны жоқ. Ол ғалымдармен дәлелденген, тиісті заңнамада солай белгіленген, - дейді облыстық ветеринарлық басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Тәшімов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: