Өскемендіктер кене шағуына шағымдана бастады
Baq.kz
Кенелердің белсенділігі метеожағдайға байланысты.
Шығыс Қазақстан облысында кене шағу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz.
Өскемен қаласының тұрғынын кене шағып алған. Ол ауруханаға көмек сұрап барыпты.
«Кенелердің белсенділігі метеожағдайға байланысты. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген мониторингке сәйкес, кенелер сәуір айының екінші жартысында көбейеді. Ал олардың саны мамыр айында шарықтау шегіне жетеді», - дейді қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.
Айта кетейік, кенелер құрғақ, жылы ауа райында белсенді бола бастайды. Бұл жәндіктер энцефалит, боррелиоз және басқа қауіпті ауруларды жұқтырады. Егер кене адамды шағып алса, ол індет жұқтырып, салдарынан оның жүйке жүйесіне зақым келуі мүмкін. Тіпті кей жағдайда адам өліп кетуі де ықтимал.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript