Шымкентте барлық субұрқақтар іске қосылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 18:23 ҚазАқпарат
Субұрқақтардың көпшілігі таңертең 7.30-дан қосылады.

Шымкентте күн жылып кеткен соң қаладағы барлық субұрқақтар іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шаһарда 21 субұрқақ бар. Олардың басым көпшілігі 21 наурыз күні іске қосылған. Субұрқақтардың қосылу кестесі қала әкімдігінің Instagram парақшасында көрсетілген.

«Биылғы маусымда субұрқақтар жылдағындан ерте іске қосылды. Ондағы тазалау, жөндеу жұмыстары көктемге дейін жүргізіліп, 21-і толық жаңартылды. Енді барлығы да кестеге сай қосылуда. Өшіру уақыты түнгі 23:00 деп белгіленген», - дейді әкімдік қызметкерлері.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 18:23

Субұрқақтардың көпшілігі таңертең 7.30-дан қосылады. Сөйтіп қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Тек екеуі ғана - Тәуелсіздік саябағы мен облыс әкімдігінің алдындағы әуенді фонтандар кешкі 20.00-де іске қосылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2018 18:23

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: