ОҚО-да араздасқан көрші ауылдың жігіттері бір-бірімен атысты

kz.otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2018 15:04 kz.otyrar.kz
Атыс кезінде екі азамат жарақат алып, ауруханаға түскен.

Арнаға хабарласқан Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғындары жергілікті жерде атыс болғанын айтып берген, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Сөздеріне сүйенсек, көрші ауыл тұрғындары бас араздық салдарынан бір-біріне оқ атқан. Атыс кезінде екі азамат жарақат алып, ауруханаға түскен.

Куәгерлердің сөзінше, қару атқан азаматтардың жасы шамамен 25-30-да. Сондай-ақ, бейресми мәліметтер бойынша, күдіктілер қамауға алынған. Бұл іске қатысы бар деген болжаммен үш азамат тергелуде. Ауылдықтар тәртіп сақшыларының күні-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқандарын жеткізді.

Ал құзырлы орган өкілдері көрші ауылдағы жігіттердің арасында болған атысты растап берді. Қазір оқиға орнында полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: