Бұзақылар Африкада қаза тапқан қостанайлық ұшқыштардың бейітін қиратты
Baq.kz
Үш ұшқыштың бейітіндегі мәрмәр бағандарды сындырып тастаған.
Қостанай тұрғыны Николай Рожко әуежай маңына жерленген ағасының бейіт басына зиярат ету үшін барған, деп хабарлайды Baq.kz.
Оның ағасының қасына 2005 жылы Африкада апатқа ұшыраған үш ұшқыш жерленген. Олардың қирап қалған бейітіне Николай бей-жай қарай алмаған. Оның айтуынша, былтыр вандалдар ағасының бейітін қиратып, металл құрылымдарын жұлып алған.
«Былтыр олар ағамның бейітіндегі тот баспайтын болат темірді жұлып алған. Ал осы жолы үш ұшқыштың бейітіндегі мәрмәр бағандарды сындырып тастаған. Бейіт басындағы күзетші қайда қарап жүр, мұндай жағдай қанша қайталана бермек?» - дейді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript