Қостанайда мектеп оқушысы қыз үшін өзіне қол жұмсады
gstatic.com
Жоғары сынып оқушысы тұрмысы жақсы отбасында тәрбиеленген, мұғалімдерден ескерту алмаған.
Қостанайда мектеп оқушысы қоштасу хатын қалдырып, өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Он жеті жасар жасөспірім №1 кешкі мектепте оқыған.
"Қоштасу хатында ол (өзін өлтіруге) махаббатта жолы болмауы себеп болғанын жазған. Оны анасы да растап отыр. Тұрмысы жақсы, толыққанды отбасы. Сабақтан себепсіз қалмаған. Егер келе алмаса, анықтама алып келіп отырған", — деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға қалалық әкімдіктің білім бөлімі.
Екі айдан кейін мектеп оқушысы 18 жасқа толатын еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript