Баянауылға аққулар қайта ұшып келді
Есен Жүсүпбаев
Жабайы құстар адамдарды қастарына жақындата қоймайды.
Баянауыл ауданының Қаражар ауылындағы көлге биылғы көктемде қос аққу ұшып келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке Қаражар ауылдық клубының меңгерушісі Есен Жүсүпбаев айтты.
- Киелі құстар ауылдағы шағын көлге жылда келіп қонатын, - дейді Есен Жүсүпбаев. - Сол жерде бір аптадай ауылдың үстінен айналып жүреді де жазық далаға ұя салуға ұшып кетеді. Даладағы үлкен көлдер бар. Соның маңайында күзге дейін мекендеп жүретін көрінеді. Ең бірінші ұшып келген қос аққудың ауылды айналып жүргені амандасып жатқан тәрізді. Бұл тамаша көрініс ауыл тұрғындарының көңіліне қуаныш ұялатады. Ауыл тұрғынының айтуынша, көктем келісімен көлдің бетіне сарыала қаздар мен тырналардың жүзіп жүруі көпшілікті таң қалдыра қоймайды. Алайда киелі қанаттылардың қайта оралуын жергілікті баянауылдықтар жақсылыққа балап, бақыт әкеледі деп сенеді. - Былтырғы жылы аққулар көрінбей кеткен, - дейді Есен Жүсүпбаев.
- Жабайы құстар адамдарды қастарына жақындата қоймайды. Кей жылдары төрт аққудан қонса, биыл екі аққу келген. Түрлерін айыра алмаймыз. Айта кетейік, жергілікті өлкетанушылардың пікірінше, аққулар көбінесе Баянауыл, Май аудандары мен Ақсу қаласына қарасты елді мекендерге қоныстанады.
Олар үш түрге бөлінеді: тундралық, сұңқылдақ және сыбырлақ.
Ақбота Сейсенбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript