Д. Ақышев – Банктердің валюталық операциялар бойынша төлемдерге қызмет көрсету мерзімі қысқарады
saigez.kz
Заң жобасында валюталық операциялар туралы ақпарат жинау рәсімдерін бірмезгілде жеңілдете отырып, валюталық операцияларды барынша толық қамту көзделеді.
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын таныстыру барысында айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Д. Ақышев тіркеудің және хабарлаудың күрделі режимдерінің күші жойылады деп атап өтті. Олардың орнына валюталық шарттарды бірыңғай есептік тіркеу енгізіледі. Шарттың сомасы мен нысанасы есептік тіркеу үшін өлшемшарт болады.
«Осындай жағдайларда банктердің валюталық реттеудің қандай режимі, тіркеудің немесе хабарлаудың валюталық операцияға қатысты қолданылатынын анықтауы қажет болмайды. Сондықтан банктердің валюталық операциялар бойынша төлемдерге қызмет көрсету мерзімдері қысқарады. Заң жобасына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты бойынша шарттарға есептік тіркеу рәсімі қолданылады. Бұл валюталық бақылаудың тиімділігін арттыру және валюталық түсімді елге қайтару үшін шарттардың толық қамтылуын қамтамасыз етеді», - деді Д. Ақышев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript