Теміртауда ғарышкерлер күніне арналған көрме ашылды
Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында Ғарышкерлер күні мен Валентина Терешкованың ғарышқа ұшқанына 55 жыл толуына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Экспозиция бірнеше бөлімдерден құралады. Көрмеде ғарышкер әйелдер туралы деректі материалдар мен фото суреттер келтірілген.
«57 жыл ішінде ғарышта әлемнің 60-тан астам әйелі болып қайтты. Олар және ғарыш туралы біздің көрме баяндайды», - деді куратор Светлана Трещёва.
Мұражай залдарында ғарыштық нысандардың макеттері де келтірілген – «Мир» станциясы, ғарыштық ракетаның бөлігі мен сынақшы ұшқыштың шлемі.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын «Ғарышкерлер күні» 12 сәуірде атап өтіледі. Бұл дата адамның алғаш рет ғарышқа ұшу күнімен орайластырылған. 1961 жылдың 12 сәуірінде кеңес ғарышкері Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әлем бойынша біріші болып Жер планетасын орбиталық айналып өтуге аттанған болатын. Жер маңындағы ғарыштық кеңістікке ұшу 108 минутқа созылған еді.
Ал, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті.