Оралда өрт салдарынан екі үйден 90 адам шығарылды

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2018 18:33 www.inform.kz
Өрт 5 техника, 16 адамның қатысуымен сағат 05.58-де ауыздықталды.

Оралда өртке байланысты екі үйден 90 адам шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне кеше сағат 11.16-да А.Тайманов көшесі 221-мекенжайында орналасқан 9 қабатты жатақханада жану оқиғасы болып жатқаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына 4 техника, жеке құрамнан 15 адам жеткен кезде бірінші қабаттағы лифт құдығында (шахта) тұрмыстық қалдықтар жанып жатқаны (3 шаршы метр) анықталды.

Қатты түтінге байланысты жоғары қабаттардан 70 адам шығарылса, соның 15-і - балалар.

Сондай-ақ бүгін сағат 05.08-де Д.Қонаев атындағы шағынаудан, 5-үй, №3 кіреберістегі жертөледе аумағы 10 шаршы метрді қамтыған құрылыс материалдары жанған.

Мұнда барлығы 20 адам шығарылса, соның 8-і - балалар. Өрт 5 техника, 16 адамның қатысуымен сағат 05.58-де ауыздықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: