Қазақстанда бензин бағасы арзандады

f.azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2018 20:45 f.azh.kz
«ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансасы желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандады.

12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансасы желісінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы көктемгі кезеңде 4 теңгеге арзандап, литрі 159 теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазМұнайГаз баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин литрі 163 теңгеден сатылған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бензин маркасына байланысты 17-21% қымбаттады, жазғы дизельдік отын - 22%-ға, қысқы - бірден 27%-ға қымбаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: