Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қоқысқа тасталған 5 келі күміс бұйымдар табылды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2018 23:55 elorda.info
«Қоқыс шығаруға қорқатын болдым», - деді ол сөз соңында.

Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі байқамай қоқысқа тастаған 5 келі күміс бұйымдар табылды. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісіне «ASSYLY» дүкенінің күзетшісі Жандос Әмірханов телефон арқылы хабарлады.

«Шынымды айтсам, бұл оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын. Оқиға былай болды: екі күн бұрын маған бір ер адам қоңырау шалып, осы аумақта (7 Континент) тұрған адам туралы хабарлады. Шамалап мекен-жайын айтты. «Мәскеу» үй кешенінің маңында өз үйі бар деді. Ауызша сипаттап берді: орта бойлы, сақалды ер адам. Бүгін жұмыста отырып жарты сағат бұрын далаға шықтым. Қарасам әлгі сипаттап берген адам келе жатыр. Екі күн бұрынғы қоңырау есіме түсті. Қасына барып сөйлестім». – дейді күзетші.

Оның айтуынша, құны 2,5 млн теңгенің бұйымдарын тауып алған адам мылқау екен.

«Зергерлік бұйымдардың сонда екенін түсіндім. Ол ертең алып келемін деді. Мен бірден үйіне баруды ұсындым. Өзі мылқау, сөйлей алмайды. Қағазға мекен-жайын жазып берді. Біз үйіне барып, бұйымдарды алдық. Сыйақы ретінде 100 мың теңге бердік. Бұйымның барлығы орнында, біреуіне де тиіспепті», -деді Ж.Әмірханов.

Бұған қоса ол екі күн бұрын телефон арқылы күміс бұйымдарды тауып алған азамат туралы ақпарат берген ер азаматқа сыйлық жасамақ ниетте.

«Екі күн бұрын телефон шалып ақпарат берген азаматтың аты – Бекзат. Менде оның нөмірі сақтаулы. Ақшалай сыйлық жасап, алғысымды білдіргім келеді», - деді «ASSYLY» дүкенінің күзетшісі.

Сондай-ақ жігіт енді қоқыс шығармас бұрын тексеріп отыратынын айтты.

«Қоқыс шығаруға қорқатын болдым», - деді ол сөз соңында.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі байқамай 5 келі күміс әшекейді қоқысқа тастағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: