ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды

kaz.altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 16:04 kaz.altaynews.kz
Көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді.

ШҚО Қатонқарағай ауданы Солоновка ауылындағы Қараөзек учаскесінде қар суының еруі салдарынан далалық жолда геологиялық жарыққа ұқсас терең шұңқыр пайда болды деп жазады altaynews.kz.

Басылымның мәліметтері бойынша, шұңқырдың ұзындығы шамамен екі шақырым, көп бөлігінің тереңдігі 5-6 метрге дейін жетеді, ал ені 4-5 метр.

"Осыдан бір ай бұрын ғана бұл жерде жол болды дегенге сену қиын. Ол жолмен ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлар, автокөліктер және жегін көліктері жүретін. Бұл жол "Жас қанат" шаруа қожалығының мал шаруашылық қыстауларын байланыстырып тұрған күре жол болатын", - делінген жарияланымда.

Қазір аталған шаруашылықтың басшылығы жыраны топырақпен толтырып, жолды қайта қалпына келтіруге тырысып бағуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: