Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет Тұран жолбарысын қайтару жобасын қаржыландыра бастады

Baq.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 17:53 Baq.kz 
Бұл бастама 2013 жылдан бері талқыланып келеді.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте QazaqGeography басқарушы кеңесінің төрағасы Қанат Байғарин Тұран жолбарысын қазақ жеріне қайтару жобасы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіле бастағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл бастама 2013 жылдан бері талқыланып келеді. Биыл мемлекет тарапынан нақты қолдау жасалды. Бюджет нақтыланды. Осылайша, біз Тұран жолбарысын реинтродукциясын бастап отырмыз. Бұл – оңай шаруа емес. Осы жылдан бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландыру шараларын бастайды. Осыған дейін Үкімет тек дайындық шараларына ғана қатысты. Ал енді ол қаржыландыруды қолға алғалы отыр», - деді ол.

Қанат Байғариннің айтуынша, қазақ жеріндегі соңғы Тұран жолбарысы 1950-жылдары атып тасталған. Алайда маманның пікірінше, жыртқыштың популяциясын жаңғырту үшін алдымен азық-түлік мәселесін шешіп алу керек.

«Жолбарысқа қорек болатын жан-жануарларың популяциясын ретке келтіру қажет. Ал жануарлардың санын арттыру үшін жем-шөп те жақсы өсуі шарт. Тұран жолбарысы күніне 20-200 келі ет жейді. Сондықтан Іле-Балқаш резерватында қажетті қоректің көлемі болуы шарт», - дейді төраға.

Осы орайда ол аталған мәселені шешу үшін қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

«Бастапқыда резерваттың территориясын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоғамдық ұйымдардың қыруар қаражаты жұмсалды. Қазақстанның географиялық қоғамы да атсалысты. Біз резерват территориясын xалықаралық сараптау шараларына қолдау білдірдік. Әрине, басты міндет - мемлекетті тарту. Себебі мемлекет болмаса, аталған бастаманы іске асыру мүмкін емес. Биыл республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы резерват территориясын жасақтауға жұмсалады», - деп түйіндеді сөзін Қанат Байғарин.

Айта кетейік, Іле-Балқаш резерватының жалпы ауданы – 423 мың гектар.

Дәурен Ерболат

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: