Алдағы күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауады

tirshilik-tynysy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 18:24 tirshilik-tynysy.kz
Жауын-шашын уақытша тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклон ауысып, жауын-шашын уақытша тоқтайды және ауа температурасы көтеріледі, алайда кейін күн райы қайта суып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Осылайша, 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстік жаңбыр жауады, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтілуде және ауа температурасы түнде батыста 0 +5 градус, солтүстік пен орталықта 0 -8 градус болуы ықтимал.

Каспий теңізінің оңтүстігіне кезекті цилон ауысып, солтүстік-шығысқа жылжиды, соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 19 сәуірде түнде және таңертең қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: