Жаңалықтар тізбегі
0

Астана жерінен Волгоградқа естелікке бір шөкім топырақ жөнелтілді

astana.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2018 22:00 astana.gov.kz
«Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр.

Бүгін Бауыржан Момышұлы ескерткіші алаңында туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі болды. Бұл шара Екінші дүниежүзілік соғысында ең ірі – Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осы шайқасқа Ақмола аумағында құрылған қазақстандық 459 және 387-ші атқыштар дивизиясы қатысып, Сталинград қаласын ерлікпен қорғағаны тарихтан белгілі.

Туған жердің топырағы арнайы салынған капсуланы жөнелту рәсіміне Астана қаласының ІІД-нің қызметкерлері, Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері мен олардың туысқандары, жауынгер-интернационалистер, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы, Астана қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

ҚР Қарулы күштері «Ардагерлер Одағы» төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов «Ұлы Отан соғысы тарихынының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей теңіз екенін байқар еді. Әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық адам әскер қатарына шақырылды. Сұрапыл соғыстағы аса ірі шайқастардың бірі Сталинград түбіндегі шайқас, ол екінші дүниежүзілік соғысты түбірінен өзгертіп Кеңес одағы әскерлерінің фашистік Германияны жеңудегі алғашқы қадамдары болып тарихта қалды. Сол Сталинград түбіндегі шайқасқа қазіргі Астана кезіндегі Ақмола қаласында атқыштар дивизиялары құрылып майданға аттанған болатын».

Сталинград үшін шайқасқан батырлардың туыстары да қатысқан. Солардың бірі Талғат Кенжебекұлы Исмагулов.

Таяуда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі 27 сәуірде Ресейде Сталинград қорғаушылары – Қазақстаннан барған жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіштің ашылу салтанатына шақыру алған болатын.

«Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: