Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде әйелінің қабырғасын сындырған ер адам жауапқа тартылды

aktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2018 15:55 aktobenews.kz
Ақтөбе қаласының тұрғыны ажырасып, екі баласына беретін алиментін ай сайын төлеп отырған.

Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша іс қаралды. 37 жастағы ақтөбелік бұрынғы әйелінің қабырғасын сындырып жіберген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының тұрғыны ажырасып, екі баласына беретін алиментін ай сайын төлеп отырған. Кезекті рет балаларын көруге барған әке азық-түлік алып, «алиментті уақытылы төлейді, қарызы жоқ» деп қолхат жазып беруді сұраған. Сол кезде бұрынғы әйелі «балалардан бас тартсаң жазып беремін» деп жауап қайтарып, екі адамның арасында жанжал туындайды. Сол кезде айыпталушы бұрынғы әйелінің басынан екі рет, кеуде тұсынан бір рет ұрған.

Іс материалына сүйенсек, жәбірленушінің тоғызыншы қабырғасын іштен сынып кеткен. Сот отырысы кезінде айыпталушы кінәсін толық мойындап, ісі үшін өкінді, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешірмеді. Тіпті, заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады. Себебі, бұрынғы күйеуі үйіне келіп, азық-түлікті алимент ретінде қабылдауды сұраған. Сол үшін сот орындаушысына қажетті қолхат жазып беруді талап еткен.

«Сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Пробациялық бақылау белгіленіп, оған мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын ауыстырмау, ішімдік ішетін ойын-сауық құратын жерлерге бармау жүктелсін», — деді судья Перизат Атыбаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: