Алакөлдің 12 шақырымдық жағалауын бекіту қажет - әкімдік
ҚазАқпарат
«Алакөлдің жағалауын бекіту жұмыстары қолға алынады» дегенді жылда еститін жергілікті тұрғындар енді жауапты мамандар сөзден іске көшсе, деп тілейді.
Алматы облысындағы Алакөлдің жағалауын су шайып жатыр. Биыл жергілікті билік дәл көлдің жағалауында орналасқан бір отбасын алты бірдей баласымен басқа ауылға көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алакөл көлінің 12 шақырымдық жағалауына күшейту жұмыстары жүргізілуі қажет. Биыл жоба-сметалық құжат дайын болса, күзде бұл жұмыстарды бастаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Айдын Чалкенов.
«Алакөлдің жағалауын бекіту жұмыстары қолға алынады» дегенді жылда еститін жергілікті тұрғындар енді жауапты мамандар сөзден іске көшсе, деп тілейді. Себебі тұрғындар барлығы тек құжат жүзінде қала ма деп қорқады.
Айта кету керек, 15 жылдың ішінде көлдің жағалауын су шайып, Көктұма ауылындағы екі көше көлдің астына кеткен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript