Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады, ал батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні артады.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, бұршақ жауады.
Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін деп болжанады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.
Атырау облысында шаңды дауыл соғады.
Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, тұман түседі.