Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс баһадүрге ескерткіштер орнатылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2018 15:01 ҚазАқпарат
Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының бойында салынған «Батыр бабалар» мемориалдық кешені алаңының сыртқы жағында бірнеше паннолар орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында Орбұлақ шайқасындағы жеңістің 375 жылдығына арналып, ерекше мемориалдық кешен бой көтерді. Оның хас бетінде Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүр батырларға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент-Ташкент халықаралық күре жолының бойында салынған «Батыр бабалар» мемориалдық кешені алаңының сыртқы жағында бірнеше паннолар орналасқан. Оның бірі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған зар заманды бейнелесе, екіншісінде Орбұлақ шайқасының көріністері айшықталған. Қабырғада Ұлы жеңіске қол жеткізуде ерекше көзге түскен екі қолбасшымен бірге сардар батырлардың аты-жөндері өшпестей етіп, гранит тасқа қашалған. Ал, қос батырға салынған қола мүсіннің биіктігі 12 метрді құрайды. Осынау тарихи ескерткіштер меценат Бекет Тұрғараевтың бастамасымен салынды. Тас мүсіннің ашылу салтанатына еліміздің қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен жазушылар арнайы келді.

«Халық өзінің тарихы қандай, жұрты қандай болғанын түйсінуі керек. Алдағы уақытта осындай игі істер жалғасын таба береді деп ойлаймын. Ел болғаннан кейін елдің игілігіне көңіл бөлуді жекелеген азаматтар да өзімнің перзенттік парызым, қарызым деп түсінуі керек»,- деді меценат Бекет Тұрғараев.

Жиында сөз сөйлеген қоғам қайраткерлері тас тұғырдың маңыздылығына тоқталды. Қазақ жауынгерлері жоңғардың 50 мың әскерін Орбұлақ тұсында тоқтатып, 10 мың әскерін жойған. Кейіннен Жәңгірханға 20 мың қолды бастаған Жалаңтөс батыр көмекке келіп, ойсырата жеңген. Қиын-қыстау күн туғанда қазақтың «бір үйдің баласы, бір қолдың саласындай» болатынын тұғырға қонған батырлар көрсетті. Ал, тарихтағы шындық тек ел тәуелсіздігінен кейін айтылды.

«Бұл ескерткіш екі ірі тұлғаның қатар тұрған көрінісі. Екеуі де ұлы тұлға. Екі тұлғаға арналған ескерткіштің қасиетті Қазғұрт тауының етегінде орналасуы бұл бірлікке қызмет жасайды. Бұл бабалардың арманының іске асқанының көрінісі. Осы шаруаның бәрін ұйымдастырып жүрген Бекет Тұрғараұлына алғысымыз шексіз»,- деді ҚР Ардагерлер ұйымы орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: