Павлодар облысында құны 109 теңгеден басталатын 32 жер учаскесі саудаға қойылды
Рavlodarnews.kz
Олардың басым бөлігі құрылыс, сауда, аялдама кешендеріне қызмет көрсетуге арналған.
Павлодар облысында үш жыл мерзімінде жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша ағылшындық тәсілмен аукцион өткізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ботагөз Қайырбаеваның айтуынша, барлығы 32 жер телімі саудаға қойылды. Олардың басым бөлігі құрылыс, сауда, аялдама кешендеріне қызмет көрсетуге арналған.
- Сатуға қойылған әр жер мақсатты түрде қолдану керек, - дейді Ботагөз Қайырбаева. – Мәселен, «Павлодар – Омбы» тас жолындағы 0,7 гектар жерге екі қабатты көп бөлмелі тұрғын үй салу жоспарланған. Жылжымайтын мүліктің ұзындығы – 219 метр, ені – 36 метр. Хим қалашынығында айналмалы жолдағы «Жағалау» аялдамасы да саудаға қойылды. Бастапқы бағасы – 8 мың 200 теңге. Бұл аялдаманы қалыпты жағдайға келтіріп, гүл немесе газет саудалайтын нүкте ашу керек. Мұндай үлгіде қала көшелерінде бірқатар аялдамалар сатылған болатын. Ең қымбат жер телімі – аумағы 6,4 гектар болатын өндірістік базаға қызмет көрсететін «Орталық өндірістік аймақ». Құны - 3,6 миллион теңге.
Бөлім басшысының айтуынша, өтініштерді қабылдау 5-мамыр күні сағат 18:30 уақытта аяқталып, 10-мамыр күні Кривенко көшесі, 25, мекенжайында қорытындысы шығарылады. Аукцион жеңімпаздары жер учаскесін үш жыл мерзімінде жалға алу құқығына ие болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript