Жаңалықтар тізбегі
0

Ноғаев: туберкулезден дәрігерлердің өздері қорқады

matritca.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 20:39 matritca.kz
Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде аймақта фтизиатр-дәрігерлер тапшы.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев фтизиатр-дәрігерлердің санын көбейту үшін оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешпек, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Туберкулезбен ауыру көрсеткішін төмендету үшін, ең әуелі науқастар дәрігердің берген нұсқауларын қатаң сақтауы керек. Қазіргі кезде, өкінішке қарай, жазылған дәрілерді, процедураларды уақытында алмау кесірінен бұл ауру өршіп тұр. Өткен аптада біз республиканың бас фтизиатры, туберкулез мәселелері жөніндегі институт басшысының қатысуымен үлкен жиналыс өткіздік. Сол жиында туберкулезбен күреске қатысты бірқатар шара бекітілді. Институт директоры айтқандай, бізде қазір дәрігерлердің өздері бұл ауру түрінен қорқады. "Туберкулез – қауіпті ауру" дей бергеніміздің салдарынан болашақ дәрігерлер осы мамандыққа баруға жүрексінеді екен. Сондықтан фтизиатр-дәрігерлерін дайындау мәселесі өте өзекті", — деді әкім ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ноғаевтың айтуынша, былтыр облысқа 126 дәрігер шақырылған, олардың 75-і жоғары оқу орнын енді бітіргендер екен. Ал кадр тапшылығы 240 адамды құрапты. Биыл тағы 100-ге жуық дәрігер шақыру жоспарланып отыр.

"Аталған жұмыс осындай қарқынмен жүргізілсе, біз фтизиатр-дәрігерлер тапшылығын жуық арада жоямыз. Ең алдымен, дәрігерлерге үй беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу қажет", — деді облыс басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: