Жаңалықтар тізбегі
0

Әлия Назарбаева қазақстандық бизнесмендерге кеңес берді

i.onthe.io, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2018 18:44 i.onthe.io
Экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева мәлімдегендей, Қазақстанда бизнестің "жасыл жолға" қадам басуына жағдай жасалуы керек.

Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер "жасыл жолға" түсіп, алда келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан президентінің кенже қызы Астанада сөйлеген сөзінде жаңа Экологиялық кодексте "жасыл экономика" терминін заңмен бекітіп, квота беру және көміртек бірлігін сату жүйесін қайта іске қосуды ұсынды.

"Экологиялық реттеуге қатысты ұстанымымызды қайта қарауымыз керек. Ойымды түсіндіре кетсем, мен бизнеске жоғары экологиялық талаптар қоюды сұрап отырған жоқпын. Мемлекет бизнестің "жасыл жолға" қадам басуы үшін тиімді ынталандыру жасауы тиіс. Мысалы, Елбасының тапсырмасымен құрылып жатқан жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы "жасыл" технологияны енгізуге үлесін қосып, "жасыл" бизнеске жол ашуы қажет", — деді экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева.

Оның мәлімдеуінше, соңғы кездері экологияның нашарлауы халыққа күн сайын кері әсерін тигізіп жатыр. Бұған ішінара қазіргі экологиялық заңнаманың қауқарсыздығы да айыпты. Әлия Назарбаева айтып өткендей, 2007 жылы қабылданғалы бері Экологиялық кодекске 63 рет өзгерту енгізілген.

Назарбаеваның пікірінше, 2030 жылға дейін парниктік газдардың бөліну мөлшерін 15%-ға дейін қысқарту міндеті Қазақстан үшін біршама тәуекелдерге әкеп соғады. Пайымдауларға сәйкес, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы аясындағы конференцияда елдерді өз міндеттіліктерін орындауға мәжбүрлеуі мүмкін.

"Отандық бизнесте 2020 жылы өзінің шектеулері, тәуекелдері мен пайдасы бар жаңа орта қалыптасады. Ұлттық міндеттемелер орындалмаса, отандық тауарлар әлем нарығына шығарылмай, оларға қарсы экономикалық санкция қабылдануы мүмкін", — дейді Назарбаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: