Шымкентте судьялар түнде де жұмыс істемек

Түнде жұмысқа шығатын судьялар жол көлік оқиғасы, тұрмыстық зәбір көрсету, бұзақылық секілді ұсақ істерді қарайды.
Шымкентті судьялар түнде де жұмыс істемек, деп хабарлайды Today.kz.
Бұл туралы облыстық сотта өткен брифингте айтылды.
Түнде жұмыс істейтін судьялар жол көлік оқиғасы, тұрмыстық зәбір көрсету, бұзақылық секілді ұсақ істерді қарайды. Шет елдік тәжірибе мұндай істерге аз уақыт кететінін дәлелдеп отыр.
Өткен жылғы статистика түнгі уақытта 200-ден астам қылмыс жасалатынын көрсетті. Судьялардың түнде жұмыс істеуі ауқымды істерді қарауға кедергі келтірмейді.
Сондай-ақ, брифингте сот жүйесінің электронды нұсқаға ауысқалы жатқаны туралы да айтылды. Мысалы, сот процессіне керек құжаттарды енді электронды түрде тапсыруға болады.
Айыпталушыдан басқа сот процессіне қатысы бар тұлға арнайы бағдарлама арқылы сот отырысын бақылай алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript